Ақмола облысы денесаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, науқас аяғын абайсызда, баспалдақтан құлап сындырып алған. Бір жарым сағатқа созылғаны отаны жергілікті аурухананың екі хирургі - хирургия бөлімінің меңгерушісі Аманжол Нұрмұхаметов және емдеу ісі жөніндегі бас дәрігердің орынбасары Жанайдар Қажденбеков жүргізді.
«Илизаров аппараты арқылы жасалатын сүйек дистракциялық остеосинтез отасы ұзын түтік тәрізді сүйектердің ашық сынуын емдеудегі әлемдік стандарты болып табылады. Бұл әдіс науқастың отадан кейінгі күні-ақ белсенділік танытып, ота жасалған аяққа тұруына мүмкіндік береді, ұзақ төсек тартып жатудың алдын алады», - деп түсіндірді хирург Аманжол Нұрмұхаметов.
Жалпы, Жақсы аудандық ауруханасының хирургия бөлімінде экстрамедулярлық остеосинтез, өт жолы тастарына, жарықтарға және геморроидэктомияға қатысты күрделі оталар да жасалады. Сонымен бірге, тәулік бойы шұғыл хирургиялық және гинекологиялық көмек көрсетіледі.
«Біз хирургиялық базамызды белсенді түрде дамытып жатырмыз және алдағы уақытта жаңа интрамедулярлық остеосинтез әдісін енгізуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар сатып алып жатырмыз», - деп толықтырды хирург.
Соңғы екі айда Жақсы аудандық ауруханасының хирургия бөлімінде дәрігерлер 50-ден астам ота жасады. Бұл жергілікті медицина қызметкерлерінің жоғары біліктілігі мен тәжірибесінің жоғары екенін көрсетеді.
Айта кетсек, бұдан бұрын «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде қызмет аясы кеңейіп келе жатқандығын жазған едік.