ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнында жедел штаб құрылды. Салдарын жоюға ТЖМ, ЖАО, ІІМ және «Қазавтожол» АҚ 254 адам, 64 техника, 4 мотопомпа жұмылдырылды. Қазіргі уақытта 4 мыңнан астам текше метр су сорылып шығарылды.
Сонымен қатар инженерлік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда: республикалық маңызы бар «Астана – Қорғалжын» автожолының бойымен 1100 метр, сондай-ақ Сабынды ауылын бойлай 500 метр ұзындықта қорғаныс дамбасы салынып жатыр. Бұдан басқа, еріген суды ағызу үшін 100 метр ұзындықта бөгет каналы қазылған.
Осыған дейін Ақмола облысының Қорғалжын ауданында бөгет бұзылғаны туралы жаздық. Соның салдарынан су алқаптар арқылы елді мекенге жайылып, «Астана — Қорғалжын» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 75-шақырым тұсын кесіп өтті. Дегенмен, су жолдың жүру бөлігіне өткен жоқ.