Полиция қызметкерлері көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған A деген азаматты ұстап алған.
Істі сотта қарау барысында сол түні құқық бұзушымен бірге алкогольдік ішімдік ішкен B азамат куә ретінде тартылды.
«Алайда, куә бұл фактіні жоққа шығарып, сотқа көрінеу жалған айғақтар берген, бұл өз кезегінде кінәлі адамды жазадан босатуға әкеп соқты.
Бұл ретте прокуратура жоғары тұрған сотқа сол түні ойын-сауық мекемесінде куә мен құқық бұзушының алкогольдік ішімдіктерді бірге ішкендігі жазылған бейнематериалдарды ұсыну арқылы, құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жауапкершілікке тартылды», — деп жазды бақылаушы органнан.
Көрінеу жалған айғақтар бергендігі үшін прокуратура бастамасы бойынша куәға қатысты ҚК 420-бабының 1-бөлігі (сотта куәнің көрінеу жалған айғақтары) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Осылайша, азамат куәдан қылмыстық іс фигурантына айналды.