Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Степняк қаласындағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде болған.
«Өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шықты. Ғимаратта болған 15 бала эвакуацияланды. Қызыл жалын 3 шаршы метр аумақты шарпыды. Арада отыз минут өткенде өрт оқшауланып, толығымен сөндірілді», - деп түсіндірді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетаудағы сауда үйіндегі өрттен 50-ден астам адам эвакуацияланғанын жазған едік.
Осы ретте, ТЖД қызметкерлері төтенше жағдай туындаған жағдайда «101 және «112» жедел желісіне қоңырау шалу қажеттігін еске салады.