Аумақтық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс бойынша су тасқынына қарсы күресу үшін барлығы 700-ге жуық адам, 210 техника және 130 мотопомпа тартылған.
«Атбасар ауданында су тасқынына белсенді дайындық жалғасуда. Инертті материал салынған қаптар төселіп жатыр. Тәулігіне шамамен 1 мың текше метр қар шығарылуда. Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылында қорғаныш үйіндісін нығайту үшін Астана қаласынан қосымша күштер мен құралдар келді. Сондай-ақ, Аршалы ауданында су тасқынымен күресу үшін Көкшетаудағы Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының 68 курсанты пен 4 офицері аттанды. Бұл аудандарда бір тәуліктің ішінде 20 мың текше метрден астам еріген қар суы сорылды», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында суда қалған 6 түйе құтқарылғанын жазған едік.