Іс-шара «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» атты экологиялық лекторийден басталды. Қатысушыларға қоршаған ортаны қорғаудың маңызы, туған жердің тазалығын сақтаудағы әр азаматтың жауапкершілігі және экологиялық мәдениетті қалыптастыру туралы ақпарат берілді.
Одан кейін «Жасыл мекен – таза өлке» ұранымен экологиялық сенбілік ұйымдастырылды. Акция аясында мемлекеттік қызметкерлер, жастар, еріктілер және аудан тұрғындары қоғамдық орындарды тазалап, қоқыс жинап, аумақтарды абаттандыру жұмыстарына атсалысты.
– Тазалық – бір күндік науқан емес, ол әр тұрғынның күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Бірлесіп атқарылған әрбір игі іс ауданымыздың көркеюіне және тұрғындар үшін жайлы орта қалыптастыруға өз үлесін қосады, – деді Жақсы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Олжас Әбжанов.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» аясындағы шаралар өңірде демалыс күндері де жалғасады. 11 шілде күні Бурабай ауданында 500-ден астам адамның қатысуымен «Мөлдір бұлақ» акциясын өткізу жоспарланып отыр.