Ақмола облысында тоғыз жастағы оқушыны мектеп автобусы қағып кетті

АСТАНА.KAZINFORM - Қайғылы оқиға 19 ақпан күні Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты Қараөткел ауылындағы ІТ мектебінің аумағында болды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Иллюстрациялық фото: Қостанай облысы Білім басқармасы

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, мектеп автобусының жүргізушісі кәмелетке толмаған 2015 жылғы оқушыны қағып кеткен.

– Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды. Полиция бұл оқиғаға байланысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлады ведомство.

Ақмола облысының Білім басқармасы қыздың отбасына көңіл айтты.

– Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін білім басқармасы арнайы комиссия құрды. Қазіргі уақытта жедел әрекет ету мақсатында Целиноград аудандық білім бөлімінің мамандарынан құрылған жұмыс тобы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша қажетті шараларды атқарып жатыр. Студенттің отбасына қажетті психологиялық көмек көрсетіледі, - деп түсіндірді ведомство.

Ақтөбеде жеңіл көлік велосипед мінген ерлі-зайыптыны қағып кеткенін жазған болатынбыз.