Ведомствоның мәліметінше, Аршалы аудандық ПБ кезекші бөліміне жергілікті кәсіпорынның басшысы хабарласып, электриктің тоқ соғып көз жұмғанын айтқан.
Белгілі болғандай, 56 жастағы жұмысшы экскаваторды электр қуатынан ажыратпаған.
Салдарынан 6 мың вольтты электр тоғы соққан.
«Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі (қауіпсіздік техникасы қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында жұмысшының өндірісте жарақат алуына байланысты іс қозғалғанын жазған едік.