Жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Целиноград ауданының Софиевка ауылында Наурызбай батыр көшесінде орналасқан 4 жеке тұрғын үй мен 6 аула су астында қалды.
Қазіргі уақытта құтқарушылар мен өңірдің жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері су айдау жұмысына жұмылдырылған.
Целиноград ауданы ТЖБ бастығы Сәбит Кенжебектің айтуынша, жұмыс су толық сорылып біткенше жалғасады.