Ақмола облысында төрт жасар бала терезеден құлап кетті

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM –  Ақмола облысында төрт жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті.

Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға бүгін Ақмола облысының Қосшы қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің аумағында болған. Түрлі жарақаттары бар ұл бала ауруханаға жатқызылды.

Осы орайда ТЖМ мынадай ескерту жасады:

Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;

Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.