Өтініш берушінің айтуынша, мал жайылымда болғандықтан, олардың жоғалғанын бірнеше күннен кейін ғана байқаған.
Құлындардың жоғалғанын түсінген ауыл тұрғыны дереу полицияға хабарлады.
Құқық қорғау органдары қылмыстық іс тіркеп, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Ықтимал куәгерлерден жауап алынып, жақын маңдағы жайылымдар, фермерлік қожалықтар мен малды өткізу орындары тексерілді, сондай-ақ ет сатып алушының жеке басы анықталды.
— Іздестіру барысында 49 жастағы күдікті ұсталып, тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып, күдіктінің басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Ұрланған малдың бір бөлігі табылып, заңды иесіне қайтарылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасады, — делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдары тұрғындарға малын мұқият бақылауда ұстауды және жоғалған жағдайда дереу полицияға хабарлауды ескертеді.
Бұдан бұрын Жетісуда мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ құрықталғанын жазғанбыз.