Ақмола облысында Жабай өзенінің түбі тазартылып жатыр

Фото: Ақмола облысы әкімдігі

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Атбасар ауданында су тасқынын алдын алу бойынша Жабай өзенінің түбін тазарту, тереңдету жұмыстары басталды.

Ақмола облысы әкімдігінің мәліметінше, шөгінділердің салдарынан өзеннің арнасы тарылып, жылдар бойы су тасқыны орын алып келеді.

Бұған дейін жергілікті билік өзендегі судың арнадан асып кету қаупімен күресіп келді, алайда, одан еш нәтиже болмады.

Биылғы көтемдегі су тасқыны кезінде Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Атбасар ауданына бірнеше рет жұмыс бабымен барып, халықпен кездесулер өткізді. Онда жыл сайын қайталанып тұратын су тасқынын болдырмаудың жолдарын қарастырған еді.

«Ақсақалдар өткен ғасырдың өзен түбін тереңдету тәжірибесін ұсынды, ол үшін су объектілерін тазартуға арналған жерсорғыш снаряд сатып алынды.

Өңір басшысы жүзбелі агрегатты сатып алу туралы шамамен бір ай бұрын облыстың Қоғамдық кеңесіне өңірді дамыту жөніндегі жобаларды таныстырды. Өнімділігі бар қалқымалы техникалық құрал келесі күні ауданға жеткізілді. Ал бүгінгі таңда алғаш рет жабдық аталмыш өзен арнасында сынақ режимінде жұмыс істей бастады», - деді әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, бұдан бұрын «Бурабай» ұлттық паркіндегі көлдерден 26 тоннадан астам қоқыс жиналғанын жазған едік.