Ақмола облысында жеке тұрғын үйде өрт сөндірілді

АСТАНА. KAZINFORM – Көкшетау қаласында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға найзағайдың түсуі себеп болған.

Фото: ТЖМ

Хабарлама түскен бойда оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жөнелтілді. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі шапшаң әрекеттерінің арқасында жалын ошағы қысқа уақытта оқшауланып, оттың жақын маңдағы ғимараттарға таралуына жол берілмеді.

Өрт 120 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Құтқарушылардың кәсіби жұмысы ірі материалдық шығынның алдын алып, көршілес нысандарды өрттен сақтап қалуға мүмкіндік берді.

Айта кетелік Түркістан облысында жыл басынан бері 139 өрт оқиғасы тіркелді