Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 21 маусымда «Астана – Қорғалжын» автожолында болды. Kia, Toyota Fortuner және Toyota Land Cruiser – үш көлік бір-бірімен соқтығысты.
– Апат салдарынан Toyota маркалы екі көлік өртеніп кетті. Алдын ала деректер бойынша, апаттан бес адам қаза тапқан. Тағы бес адам жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді, – деп атап өтті ведомство.
Аймақтың Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жарақат алғандардың Астанаға жіберілгенін хабарлады.
Қазір полиция апаттың барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысында болған жол апатынан екі адам қаза тапқанын хабарлаған едік.