Ақмола облысында жол талғамайтын көлік мұз астына түсіп кетті

Ерейментау ауданының Қоржынкөл көлінде балықшылардың көлігі жартылай мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды Kazinform Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Фото: Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Құтқарушылар дереу оқиға болған жерге барып, арнайы құтқару техникасының көмегімен көлікті шығарып алды. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақмола облысының ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарын мұзға шықпауға шақырады.