Ақмола облысында жолда қалған 28 шетелдік эвакуацияланды
15:06, 09 Желтоқсан 2023
Ақмола облысында жолда қалған 28 шетелдік эвакуацияланды, оның екеуі бала, деп хабарлайды Kazinform.
Аумақтық ТЖД баспассөз қызметінің мәліметінше, эвакуацияланған шетелдіктер Көкшетау қаласының жылыту орнына жеткізілген.
«Бүгін сағат 01:00-де ТЖД күштері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері «Астана-Петропавл» жас жолынан Тәжікстан Республикасының 26 азаматы және Өзбекстан Республикасының 2 азаматын эвакуациялады, оның ішінде екеуі бала», - деді ведомстводан.
Осы ретте, ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына төтенше жағдайға тап болған жағдайда 112 нөміріне хабарласуды сұрайды.
Айта кетсек, ауа-райына байланысты Ақмола облысында 2 мың автокөлік жолда қалған болатын.