Ақмола облысында жолда қалған 31 тәжікстандық азамат эвакуацияланды

Ақмола облысында «Астана-Петропавл» тарассында жолда қалған автобуста болған 31 тәжікстандық азамат эвакуацияланды, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Kazinform

«Желтоқсанның 13-і күні түнгі сағат 01:30-да «Астана-Петропавл» тарассасында жолда қалған «Volvo» автобусының 31 жолаушысы эвакуацияланды. Олардың барлығы Тәжікстан Республикасының азаматтары (оның ішінде 2 бала, 5 әйел және 24 ер адам) болып шықты. Шетелдік азаматтар Көкшетау қаласындағы әлеуметтік бейімдеу орталығының жылыту орнына жеткізіліп, ыстық тамақ және жататын орынмен қамтамасыз етілді», - деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінен.

Сонымен бірге ведомстводан атап өткендей, «Екатеринбор-Алматы» автожолында электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан 18 тонна жұмыртқа тиелген «МАN» автокөлігі жанып кетті. Полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел жұмысының арқасында ешкім зардап шеккен жоқ. 

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында жолда қалған 28 шетелдік азамат эвакуацияланғанын жазған едік.