Ақмола облысында жолда қалған 75 адам эвакуацияланды

Фото: Фото: Ақмола облысы ТЖД

Ақмола облысында бір тәулік ішінде жолда қалған 75 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Фото: Ақмола облысы ТЖД

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде өңірде боранға байланысты республикалық маңызы бар 8 автожол және облыстық маңызы бар 15 автожол жабылған.

Фото: Ақмола облысы ТЖД

Құтқарушылар қар құрсауында қалған автокөлік иелері мен жолаушыларын эвакуациялап жатыр. 

Фото: Ақмола облысы ТЖД

«Бір тәулік ішінде облыс аумағында 75 адам эвакуацияланды. Олардың барлығы төрт жылыту пунктіне орналастырылды», - деді ведомстводан.

Фото: Ақмола облысы ТЖД

Осы ретте ТЖД қызметкерлері өңір тұрғындарына боранды күндері елді мекен аумағына алыс жолға шықпау жөнінде кеңес береді.

Фото: Ақмола облысы ТЖД

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында жолда қалған автобустың 16 жолаушысы эвакуацияланғанын жазған едік. 

Фото: Ақмола облысы ТЖД