Сонымен қатар Кеңбидай гидроторабындағы қақпаларды жөндеу және Шағалалы су қоймасындағы төменгі бьефті жөндеу жұмыстары да аяқталды.
Одан бөлек Подлесный және Қоянды су қоймалары мен «Айдабұлақ», «Щучье саяжайлары» және «Алексеевка» бөгеттеріне көп факторлы тексеру жұмыстары жүргізілді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда 2028 жылға дейін 42 су қоймасын салу жоспарланып отырғанын жазған едік.