Ақмола облысының алты ауданындағы өрт сөндірілді

КӨКШЕТАУ. KAZIFORM – ТЖМ құтқарушылары бір күнде Ақмола облысының алты ауданында табиғи өртті сөндірді.

Фото: ҚР ТЖМ

Бір тәулік ішінде Ақкөл, Зеренді, Шортанды, Есіл, Астрахан және Атбасар аудандарында құрғақ шөптер мен қамыс өртенген жердің алдын ала жалпы ауданы 33 га болды. 

Фото: ҚР ТЖМ

ТЖ Департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, ерікті өрт сөндіру құралымдарының және «Қазавиаорманқорғау» бірлескен күштері мен құралдарының арқасында 6 ауданда өрт жойылды. Зардап шеккендер жоқ, сондай-ақ елді мекендерге қауіп болған жоқ.

«Барлық фактілер бойынша халықтың отпен абайсыз пайдалануы себеп болды. Атап айтқанда: төмен калориялы тұтану көзі, яғни сіріңке немесе сөндірілмеген темекі. ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды», - делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, Ақмола облысында құны 70 млн теңге болатын жер мемлекетке қайтарылған болатын.