Ақмола облысының Қоянды ауылында 20 аула су астында қалды
21:08, 26 Мамыр 2024
АСТАНА. KAZINFORM - Құтқарушылар Ақмола облысында жаңбыр суын айдау жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Целиноград ауданының Қоянды ауылында 2 жер үй мен 20 аула аумағы су астында қалды.
«Құтқарушылар мен өңірдің жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері су айдау жұмыстарын жалғастыруда», - делінген хабарламада.