Ақмола облыстық мәслихатының жаңа хатшысы сайланды
Д.Н. Нұрмолдин 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген, үш жоғары білімі бар, С.М. Киров атындағы Ленин орденді Омбы ауыл шаруашылығы институтын инженер-гидротехник мамандығы, Заманауи гуманитарлық институтын (Мәскеу қаласы) юриспруденция бакалавры мамандығы, Көкшетау гуманитарлы-экономикалық университетін экономист-қаржыгер мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1984 жылғы маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Ленинский ауданы «Образцовый» кеңшарының жұмысшысы болып бастады. 1992 жылғы желтоқсаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Петропавловск қаласы бойынша Салық комитетінде әр түрлі мемлекеттік лауазымдарда қызмет атқарды.
1999 жылғы сәуірден Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінің бөлім бастығы, кейін 2000 жылғы қазаннан төрағаның орынбасары қызметтерін атқарды. 2008 жылғы мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды.
2010 жылғы қыркүйектен бастап, Ақмола облысы бойынша Салық департаментініңбасшысы, 2014 жылдың қараша айынан Ақмола облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.
«Құрмет» орденімен, «Салық қызметінің үздігі», «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгілерімен, мерейтой медалімен наградталды. Ал 2015 жылдың 9 шілдесінен бастап Сандықтау ауданының әкімі болып тағайындалған, № 32 сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаттығынан кеткен Асылбек Исмағамбетовт3ң орнына сайланған болатын.