Ақмола облыстық сотында «Сот істерінің анықтамалығы» электрондық жүйесі жасалды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар, сотқа келушілерге ыңғайлы болу үшін облыстық соттың бірінші қабатындағы фойеде «Сот істерінің анықтамасы» терминалы орнатылып, жұмыс істей бастады. Облыстық сот төрағасы Ақжан Ештайдың айтуынша, бұл жүйе Елбасының «Электронды үкімет» жүйесін енгізу туралы тапсырмасының арқасында жүзеге асырылып отыр. Бұған дейін мұнда «Ақпарат-анықтама» дүңгіршегі іске қосылып, халыққа соттағы істердің қозғалысы туралы толық ақпарат беру шешімін тапқан болатын. Жаңа терминал ұйғарымдармен, қаулылармен, жеке ұйымдармен, шешімдермен, үкімдермен, іс бойынша сот отырысының хаттамаларымен танысуға мүмкіндік береді. Ендігі күні сот процесіне қатысушы интернет арқылы қаралатын іс жайында тиесілі ақпарат алуына болады. Сонымен қатар, анықтамалық бірінші сатыдағы, аппеляциялық, кассациялық сатылардағы сот актісімен танысуға мүмкіндік береді. Қажет жағдайда кез келген құжаттың сканер, принтер арқылы көшірмесін жасай алады.