Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, облыста шаруашылықтардың озық технологияны пайдалануы, алымдылығы жоғары шетелдік техникаларды қолдануы осылардың бәрі егін шығымдылығын арттырып, орақты неғұрлым қысқа мерзімде өткізуге игі ықпалын тигізді. Облыс бойынша 4,3 миллион гектар егістік алқапқа дәнді және бұршақ дақылдары себіліп, 5,6 миллион тонна астық жиналды. Осының арқасында облыстың экспорттық қуаты артып отыр.
«Қазіргі кезде облыс алыс-жақын шетелдерге 2 миллион тоннаға жуық көлемде астық экспорттап отыр. Оның 1907,9 мың тоннасы шетелге, 492,6 мың тоннасы республика ішіне шығарылды. Жыл соңына дейін тағы 950 мың тонна астық жөнелту жоспарда бар», - деп атап өтті Димаш Таласпаев.