Ақмола облысы Ақкөл ауданына жаңа әкім тағайындалды

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң және аудандық мәслихат депутаттарының келiсiмi бойынша Юрий Викторович Курушин Ақкөл ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Юрий Курушин 1976 жылы 30 сәуірде Шортанды ауданы Жолымбет кентінде дүниеге келген. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін (2001) және А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін (2013) бітірген.

1998-2001 жылдар аралығында Шортанды ауданы бойынша Салық комитетінің мәжбүрлеп салықтарды өндіріп алу бөлімінің аға салық инспекторы, жетекші салық инспекторы, 2001-2002 жылдар аралығында Шортанды ауданы бойынша Салық комитетінің жетекші маманы, жанама салықтарды өндіріп алу бөлімінің бастығы, 2002-2004 жылдар аралығында Шортанды ауданы бойынша Салық комитетінің салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі бөлім бастығы, 2004-2005 жылдар аралығында Шортанды ауданы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары, 2005-2006 жылдар аралығында Шортанды ауданы бойынша Салық комитетінің салықтық әкімшілендіру, салықтық тіркеу, салықтық есептілікті қабылдау және өңдеу бөлімінің бастығы, 2006-2012 жылдар аралығында Ақкөл ауданы бойынша салық басқармасының бастығы, 2004-2005 және 2012-2013 жылдар аралығында Жақсы ауданы бойынша Салық басқармасының басшысы, 2013-2017 жылдар аралығында Ақкөл ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы, 2018-2021 жылдар аралығында Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.


Соңғы жаңалықтар