АСТАНА. ҚазАқпарат - Боранға байланысты Қазақстан аумағында республикалық маңызы бар бір жолдың учаскесі жабық тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақавтожол» ЖШС мәліметіне қарағанда, «Екатеринбург-Алматы» автожолының 856-997 шақырымындағы СҚО шекарасы мен Атбасар қаласы аралығында көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Осы орайда Ақмола облысы аумағындағы бұл жолда көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды.
Ал еліміздің өзге республикалық автожолдарында көлік қозғалысы қалыпты тәртіпте жүзеге асырылып жатыр.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.