Ақмола облысы бойынша КБД бюджетке 1 млрд. 549 млн. 157 мың теңге кедендік төлемдер мен салықтар құйды

None
КӨКШЕТАУ. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың бірінші тоқсаныңда Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаментімен республикалық бюджет кірісіне 1 миллиард 549 миллион 157 мың теңгеге кедендік төлемдерді және салықтарды аударды.

Кедендік төлемдер мен салықтар түсімі бойынша жоспарлық тапсырма 148,8 пайызға орындалды, деп мәлім етті Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Нұрлан Ысқақов. Сондай-ақ  Департаменттің құқық қорғау блогымен бір  қылмыстық іс қозғалды. 42 қозғалған әкімшілік істердің 8-і сотқа жіберілді. Кедендік бақылау департаментімен  33   іс қаралды, олар бойынша жалпы сомасы 4 млн. 635 мың 570  теңгеге айыппұлдар салынды.

Кинолог қызметкерлер өзге құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізген жұмыстары нәтижесінде заңсыз әкелінген есірткі құралдарының 4 фактісі анықталды. Ал посткедендік бақылау басқармасымен өткізілген тексерулер натижесінде 370 миллион 250 мың теңге анықталып, одан 42 млн. 968 мың теңге мәжбүрлеп төленді.