Ақмола облысы бойынша салық департаментіне жаңа басшы тағайындалды
17:33, 20 Қыркүйек 2010
КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Дулат Нұрмолдин Ақмола облысы бойынша салық департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дулат Нұрахметұлы Омбы ауыл шаруашылығы және Мәскеу қазіргі гуманитарлық институттарын тамамдап, салық саласында 1992 жылдан еңбек етіп келеді. 2002-2008 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары, ал 2008 жылдан Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің бастығы міндетін атқарып келген.