Ақмола облысы бойынша «Үздік медицина қызметкері-2010» жеңімпаздары анықталды

None
КӨКШЕТАУ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - «Үміт» қоғамдық қоры «Нұр Отан» ХДП Ақмола облыстық филиалының қолдауымен мелицина саласы бойынша «Үздік медицина қызметкері-2010» жеңімпаздарын анықтап,

сый-құрмет көрсетті.

Еріктілердің атсалысуымен өңірде мыңнан астам адамға сауалдар қойылып, мейірімді, іскер, тиянақты, өз ісінің білгірлері анықталған болатын. Сонымен бірге қайырымдылық шараларына қатысушылар, ізеттілік қозғалысын қолдаушылар іріктелді. Сауалнама нәтижесіне орай демеушілер арасынан «Көкшетау Мұнай Компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестік директоры Мерам Мұқановқа алғыс білдірілді. Ал облыстық аурухананың бас медбикесі Қалима Ысмағұлова мен Көкшетау қалалық емхананың өкілі Динара Асқарова арнайы диплом мен бағалы сыйлықтарды еншіледі. Алдағы уақытта осынау байқау дәстүрге айналмақ.