Ақмола облысы бойынша жиналмаған салық 11,4 млрд. теңгені құрайды

None
АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Қайрат Қожамжаровтың төрағалығымен «Салық қарыздары, проблемалар және шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Алқалы жиынды ашқан облыс басшысы, ағымдағы жылдың 27 қаңтарында ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы салық органдарының бюджет алдындағы міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жеткіліксіз жүргізіп келе жатқандығын атап көрсеткендігін баса айтты. Елбасы өз сөзінде ел экономикасының өсіп келе жатқандығын, сонымен бірге жиналмаған салықтардың да артып отырғандығын айтқан еді. Бұл ретте, елдегі жиналмаған салықтардың 73 пайызы жалған кәсіпорындарға тиесілі.

Толықтай алғанда, ағымдағы жылдың 26 наурызындағы жағдай бойынша, облыста жиналмаған салық 11,4 млрд. теңгені құрайды. Қарыздарды төмендету мақсатында салық органдары нақты шаралар қабылдауда.

«Дөңгелек үстелге» облыстық мәслихаттың депутаттары, облыс әкімінің орынбасарлары, Көкшетау қаласының әкімі, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты.