Ақмола облысы Есіл ауданының бұрынғы әкімі Сергей Ерин бас бостандығынан айырылды - Бас прокуратура

ТАНА. 18 тамыз. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ақмола облысы Есіл ауданының бұрынғы әкімі Сергей Ерин 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Бас прокуратураның ресми өкілі Жандос Өмірәлиев мәлім етті.

Атап айтқанда, С. Ерин аталған әкімдікте қызмет атқару бырысында өзінің өкілеттілігін теріс пайдалана отырып, әкімдіктің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуге байланысты өз қаржылық шығындарын өтеу үшін шаруа қожалықтары басшыларынан, кәсіпкерлерден, сондай-ақ түрлі мекемелердің басшыларынан қаржы жинастыруды ұйымдастырған. Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, С. Ерин кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіре және қысым көрсете отырып, «Агрофуд» ЖШС-нің директорынан Есіл аудандық мәдениет үйіне музыкалық жабдықтар сатып аламыз деген желеумен 1,4 млн. теңгені тапсыруды талап еткен. Айта кетейік, ол аталған соманы жалған кәсіпорын болып табылатын, яғни қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысатын «Адалдық-2007» ЖШС-нің есеп-шотына аударуды сұраған.

«Ал іс жүзінде бұл музыкалық жабдықтар бюджет қаржысы есебінен сатып алынғанын атап өткен жөн»,-деді Ж. Өмірәлиев.