Ақмола облысы: Із-түзсіз жоғалған ер адам жұмысқа кеткен болып шықты

Фото: None
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат - Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 55 жастағы ер адам табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, 2018 жылдың 8 қаңтары күні Зеренді ауданында 55 жастағы Вильгельм Юрий Александровичтің жоғалып кеткені туралы полицияға ақпарат түскен болатын.

Юрий Вильгельмнің қызы әкесі 2017 жылдың 26 желтоқсанында үйінен шығып, қайтып оралмаған айтқан. Ер адамды іздеуге Зеренді аудандық ІІБ-нің жеке құрамы мен көрші аудандардың құқық қорғау органдарының қызметкерлері тартылған еді. 15 қаңтар күні оның Зеренді ауданының Васильковка ауылында жүргені анықталды.

Юрийдің өзінің айтуынша,  23 желтоқсан күні оған белгісіз ер адам Васильковка ауылында жұмыс ұсынған. Жұмыссыз жүрген ол оған бірден көнген. Алайда, Қарағанды облысының Балқаш қаласында тұратын қызына айтуды ұмытып кеткен. Қазіргі кезде, ер адам өз үйіне жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар