Ақмола облысы құрылыс саласында жоғары нәтижелерді бағындырды

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен кезекті әкімдік мәжілісі болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған жиында Ақмола облысының 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2018 жылға арналған міндеттер мен облыс бюджетінің өткен жылғы атқарылуының қорытындылары туралы мәселелер қаралды.

Мəжілісте айтылғандай, облыс бойынша өткен жылы қол жеткен көрсеткіштер жаман болған жоқ.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Б.Мәлғаждаровтың  сөзіне қарағанда, өнеркәсіп саласында бірқатар ілгерілеушіліктер байқалды. Сөйтіп, 545,5 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Бұл - тауар өнімінің жоспары 100,2 пайыз орындалды деген сөз. Құрылыс саласында да жоғары нәтижелерге қол жетті. Тұрғын үй құрылысы бойынша мемлекеттік бағдарламаның 115 пайызға іске асырылуы соның айғағы. Ауыл шаруашылығы саласында да жалпы алғанда, жыл табысты болды деуге болады. Диқан үміті ақталып, астық тәуір шықты. Бұл саладағы жаңашылдық деп облыс бойынша 35 ауыл шаруашылығы кооперативінің құрылғанын айтқан жөн. Осының есесінен өнім өңдеу 5 пайызға өсті. Биыл да осындай 28 кооператив құру көзделіп отыр.

Бұдан кейін қаржы басқармасының басшысы Т.Бөлтенов баяндама жасады.  Ол өткен жылғы облыстық бюджеттің орындалуы туралы  айтты.

Облыс әкімі өзінің қорытынды сөзінде әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері басты назарда екендігін еске салды.

Соңғы жаңалықтар