Ерік Байжүнісовтің айтуынша, МӘМС механизмі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық қызмет көрсетуде координаттық өзгерістерді күтудің қажеті жоқ. Алғашқы нәтижелер 1–1,5 жылдан кейін анықталады.
«Бүгінгі таңда барлық қажетті нормативтік құқықтық база қабылданды. 2015 жылы МӘМС жүйесінің негізгі принциптері мен жұмыс істеу тәртібін белгілейтін «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңы қабылданды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық қамтамасыз етудің үш деңгейлі жүйесін енгізуді көздейтін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді», - дейді Ерік Байжүнісов Көкшетау қаласындағы өңірлік штабта өткен мәжілісте.
Осы ретте, ол МӘМС енгізу ескеріле отырып, денсаулық сақтауды қаржыландырудың жалпы көлемі 2019 жылғы деңгейден 52 пайызға артқанын атап өтті.
«Денсаулық сақтау бюджеті жиынтығында 2020 жылы ел бойынша 1 561,4 миллиард теңгені құрайды, оның ішінде 573 миллиард теңгесі – МӘМС түсімдері», - деп толықтырды Е. Байжүнісов.
Өңірдің МӘМС-ке кіруге дайындығына келетін болсақ, Ақмола облысы 95 пайызға дайын.
«Бүгінгі таңда біз жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп халықты өзектендіру, медициналық ұйымдарды компьютерлермен жабдықтау, медицина кадрларын тарту және жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің тұрақты төлемдері бойынша қалған проблемаларды жоспарлы түрде шешудеміз», - деді «ӘМСҚ» КЕАҚ Ақмола облыстық филиалының директоры Нұрлан Ақылбеков.
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова да мәселелерді шешу бойынша пікір білдірді
«Алға қойылған міндеттерді шешуді 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін кейінге қалдырудың қажеті жоқ. Мысалы, азаматтарды өзекті ету мәселесін, әсіресе БАҚ пен әлеуметтік желілерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтіп шешуге болады. Бүгінгі күні бұл ақпараттандырудың ең үздік құралдары», деп қосты Айна Мысырəлімова өз сөзінде.