КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы «National Tourism Awards 2019» ұлттық сыйлығының қорытындысы бойынша үш аталымға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аймақ басшысының орынбасары Марат Иғалиевке сілтеме жасап.
«Ақмола облысы туризмде бірінші орын! Елордада «National Tourism Awards 2019» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын таңдады», - деп өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды М.Иғалиев.
Аймақ басшысы орынбасарының сөзінше, Ақмола облысы «Үздік 4 жұлдызды отель» - GreenWhich Kokshetau, «Қазақстанның үздік шипажайы» - Оқжетпес, бұл Орталық- Азиядағы халықаралық EuropeSpa сертификатын алған алғашқы шипажай, сондай-ақ, «Балалар мен жасөспірімдердің үздік туристік жобасы» аталымдары бойынша жеңімпаз атанды.
Фото: kazakhstan.travel
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.