«Ақмола облыстық туризм басқармасының басшысы бюджет қаражатын талан-таражға салды деп күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті басқарма басшысына қатысты қылмыстық істі тергеу үстінде», - делінген агенттіктің хабарламасында.
Хабарланып отырғандай, басқарма басшысы жалған акті толтыру жолымен 2018 жылдың қараша айында кәдесый өнімдерін сатып алуға бөлінген 8,5 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінген.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.