Ақмола облысынан «Нұр Отан» партиясының 12-ші сьезіне 40 делегат аттанып кетті

None
КӨКШЕТАУ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - «Нұр Отан» халықтық -демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалынан партияның кезектен тыс 12-ші сьезіне жергілікті ұйымдардан 40 делегат сайланып, елордаға аттанып кетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі филиалдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Делегаттар құрамында партия белсенділері, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер басшылары, кәсіпорындар мен мекемелер, шаруа қожалықтары, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен шағын кәсіпкерлік нысандар жетекшілері, әр деңгейдегі мәслихаттардан депутаттық фракциялар өкілдері қамтылған. Облыстық филиал төрағасының орынбасары Николай Политкиннің айтуынша, делегаттар партия форумына өз тұжырымдарымен, ұсыныс-пікірлерімен аттанып отыр. Олар бірінші кезекте қарастырылар мәселелер қатарына халық бірлігін нығайту, олардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қамтамасыз ету, партиялық ұстанымды нығайту, әлемдік дағдарыс кезінде ынтымақтастық танытып, еліміздің өркендеуіне үлес қосуды ұстанған. Бүгінде өңірдегі 35 мың 82 партия мүшесі 443 бастауыш ұйымға топтасқан. Атап өтер жайт, әр деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының 95,2 пайызы - партия мүшесі.