Апатқа Жантеке ауылы маңындағы су құбырының жарылуы себеп болды. Салдарынан Қорғалжын және Майшұңқыр ауылдары ауыз сусыз қалды. Жалпы, Қорғалжын ауданында құбыр - екі жерден, Егіндікөл ауданында 3 жерден жарылған. Жалпы, апатты жоюға «Ақмола су арнасы» коммуналдық кәсіпорнынан 15 адам және 7 бірлік техника, «Өрлеу» коммуналдық кәсіпорнынан 10 адам және 3 бірлік техника, Ақмола облыстық ТЖД жеке құрамынан 3 адам және 1 арнайы техника тартылды.
Нәтижесінде, 25 желтоқсан күні кешке ауылдар су көзіне қайта қосылды. «Қазіргі кезде, су жіберу қалыпты деңгейде жұмыс істеуде», деп көрсетілген таратылған хабарламада.