Ақмола облысында 10 мың жаңа жұмыс орны ашылды

None
КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысында өткен жылы 10 мың жаңа жұмыс орны ашылды,
оның 5 мың 807-сі тұрақты жұмыс орындары болып табылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы Әбділрахман Мәдияровтың айтуынша, жаңа өндіріс орындары мен қызмет орталықтарын ашу арқылы жұмысқа орналастыру өз шешімін тауып отыр. Бұл ретте шағын және орта бизнес құрылымдарының іс -әрекеті нәтижесінде 4 мың 524 адам жұмыспен қамтылған. Экономикалық қызмет түрлері бойынша сауда-саттықта - 1 мың 930, өнеркәсіпте - 1 мың 562, ауыл шаруашылығында - 458, құрылыс пен коммуналдық шаруашылықта - 532, көлік және байланыс саласында 324 жұмыс орны ашылып отыр. Аймақтар бойынша алып қарағанда, Көкшетауда - 1 мың 363, Атбасар ауданында 1 мың 306 адам жұмысқа тартылған.