Ақмола облысында 100 компания экспортпен айналысады - С.Кулагин
Аймақ басшысының айтуынша, облыста 100 компания экспортпен айналысады. Аграрлық облыс болғандықтан агроөнеркәсіп кешені өнімдері (бидай, арпа, ұн, зығыр және рапс) экспортқа шығарылуда.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының алға қойған міндетті ет экспорты да сәтті жүзеге асырылуда.
«Облысымыздың ұн өндіруші кәсіпорындары, «ENKI» ЖШС кірпіш зауыты, «Көкшетау минералды сулары»АҚ, «Новопэк» ЖШС, «Арыстан» СТЗ», «Степногор подшипник зауыты» экспорттық үлкен әлеуетке ие және бүгінгі күні Ресей Федерациясы мен ТМД елдеріне өз өнімдерін шығаруда. Сондай-ақ, ЕврАзЭҚ елдеріне «Молоко Синегорья» Көкшетау майзауыты, «Milk Prodject», «Астана Агроазық», «ҚазГерҚұс», «Agro Trading»серіктестіктері жаңа өнімдерін шығарып отыр.
Оған қоса «МилкПроджект», «Молоко Синегорья» ЖШС-гі «Садовое», «Одари», «Зорькин Луг» сауда брендімен 2015 жылдың қорытындысы бойынша 22 мың тонна сүт өнімін экспортталды.
Атап айтсақ, Көкшетаудағы іргелі кәсіпорын «Көкшетау минералды сулары» АҚ 15 жыл бойы «Туран» брендімен («TURAN») Ресей Федерациясына минералды сулар мен алкоголдік сусындарды жеткізіп келеді.
«ҚазГерҚұс» ЖШС Орталық Азия, Таяу Шығыс «Тәжікстан, Түркіменстан, Пәкістан) елдеріне өз өнімін шығаруда.
Оған қоса қазіргі кезде Біріккен Араб Әмірліктеріне (2015 жылы 32 миллион дана жұмыртқа экспортқа шығарылды) өнім жеткізу мәселесі қаралу үстінде.
Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап, Қытай Халық Республикасына Бурабай ауданындағы «Бота-2015» ЖШС өсімдік майын экспорттауда», - деді С.Кулагин.