Ақмола облысында 104 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді
15:57, 16 Қыркүйек 2010
КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық статистика департаментінің деректеріне сәәйкес өңірде ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айында 104 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілген,
өсім өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,1 пайызды құрап отыр.
Жыл ішінде өндірілген өнеркәсіп өнімінің 87,1 пайызы ірі және орта өндіріс орындарына тиесілі болса, 5,8 пайызы шағын кәсіпорындарда, 6,8 пайызы қосалқы шаруашылықтарда өндірілген. Осы уақытта тау-кен және карьерлерді игеру 11,6 пайызға, әк пен доломит-87,4 пайызға, құрамында алтын бар қоспа 70,9 пайызға өсіп отыр. Өңдеу өнеркәсібінде резина және пластмасса өндірісі - 24,2 есеге, машина мен жабдықтар жасау - 3,4 есеге, көлік тіркемелерін шығару - 64,4 пайызға, түсті металдар өндірісі 4,6 пайызға артқан. Өткен мерзімде электр өндіру, көгілдір отын, бумен қамтамасыз ету деңгейі 17 миллиард теңгеге жеткен.