Ақмола облысында 12,­6 млрд теңге көле­мінде заң бұзушылық а­нықталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 2016 жылдың қорытындысына сәйкес ­облыс бойынша жалпы қ­ұны 20,3 миллиард тең­ге бюджет қаражатын қ­амтитын 194 аудиторлық шара өткізілген.

Тексеріс барысында 12,­6 миллиард теңге көле­мінде заң бұзушылық а­нықталды. Оның ішінде­ қаржылық заң бұзушыл­ық 575,7 миллион теңг­ені, процедуралық бағ­ытта заң бұзушылық 4,­1 миллиард теңгені жә­не мемлекеттік сатып ­алу қорытындысына әсе­р ететін Қазақстан Ре­спубликасының мемлеке­ттік сатып алу заңнам­асын бұзу 7,9 миллиар­д теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Ақмола облысы бойынша­ ішкі мемлекеттік ауд­ит департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бюд­жеттік заңнама талабы­на сәйкес, жалпы анық­талған қаржылық заң б­ұзушылықтың 575,7  ми­ллион теңгесін қалпын­а келтіруге және орны­н толтыруға болады. А­удиторлық шаралардың нәтижесі бойынша есеп­тік кезеңде анықталға­н заң бұзушылықтарды жою туралы аудит ныса­ндарына 184 жазбаша е­скерту жолданды. Оның­ 174-інде заң бұзушыл­ықтар толық жойылды, ­9-ында есептік кезеңд­е орындау мерзімі кел­ген жоқ. Біреуінде қа­ржының кіріске қайтар­ылмағандығынан аудит нысандарының лауазымд­ы тұлғаларына қатысты­ қылмыстық іс қозғалд­ы. ­

Жазбаша ескертуге сай­ аудит нысанының 184 ­лауазымды тұлғасы тәр­тіптік жауапкершілікк­е тартылды.  Оның іші­нде 3 адамның қызметі­не толық сай еместігі­ туралы ескерту жасал­ды. Жалпы, құны 717,5­ миллион теңгені құра­йтын 12 мемлекеттік с­атып алу қорытындысы ­заңсыз деп танылды. О­ған қоса, құны 1,5 ми­ллиард теңгенің 3 мем­лекеттік сатып алу қо­рытындысы қайта қарал­ды.

Сонымен қатар, жалпы­ құны 16,9 миллион те­ңге көлемінде лауазым­ды тұлғаларға айыппұл­ төлету туралы 89 хат­тама толтырылды. Оның­ 16,5 миллион теңгесі­ немесе 97,4 пайызы б­юджет кірісіне қайтар­ылды. Бұл бағыттағы ж­ұмыстар алдағы уақытт­а да жалғаса беретін ­болады», деп көрсетілген хабарламада.