Басқарма басшысының айтуынша, өткен жылы өңірде өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 1,1 трлн теңгені құрады.
«Индустрияландыру картасын іске асыру кезеңінде 428,8 млрд теңгеге 112 жоба іске асырылып, 11 мың жұмыс орны құрылды. 2021 жылы 88,6 млрд теңгенің 9 жобасы пайдалануға беріліп, 564 жаңа жұмыс орны ашылды», - деді Қ.Дүзелбаев.
Өңірде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі - 745,5 млрд теңге.
Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны - 48,5 мың, бұл 2020 жылдың көрсеткішінен 4,3 пайыз жоғары.
«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасын іске асыруға 2021 жылы 7,2 млрд теңге бөлінді, оның ішінде несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 4,3 млрд теңге, ішінара кепілдендіруге – 1,3 млрд теңге, гранттарға – 110 млн теңге, жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттарға – 60 млн теңге, ШОБ нысандарына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуге – 1,4 млрд теңге», - деп атап өтті Қ.Дүзелбаев.
Ақмола облысында құрылыс жұмыстарының көлемі 198,4 млрд теңгені немесе 2020 жылдың көрсеткішіне қарағанда 115,8 пайызды құрады.
600,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Басқарма басшысы атап өткендей, өңірдегі орташа айлық атаулы жалақы 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте 195,4 мың теңгені құрады, бұл 2020 жылғы деңгейден 19,9 пайызға жоғары.
Тұтыну бағасының индексі - 108,9 пайыз, оның ішінде азық-түлік тауарлары - 110,9 пайыз болды.
«2022 жылдың 1 қаңтарына 418,8 млрд теңге немесе қаржыландыру жоспарына 98,7 пайыз игерілді. Мемлекеттік бюджетке 255,6 млрд теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсті немесе болжамға 103,8 пайыз», - деп толықтырды Қ.Дүзелбаев.
Өңірде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 100 пайызды құрады.
2021 жылы Целиноград ауданының Раздольное және Арайлы ауылдарында екі мектеп, Көкшетау қаласындағы №1 және №4 мектептердің оқу корпустарына жапсарланып салынған екі ғимарат пайдалануға берілді.
Сондай-ақ Целиноград ауданының Төңкеріс ауылында модульдік мектеп сатып алынды.
Аршалы, Біржан сал, Сандықтау, Целиноград аудандарында, Степногор, Қосшы және Көкшетау қалаларында 12 мектептің, сондай-ақ Целиноград ауданында, Қосшы және Көкшетау қалаларында алты балабақшаның және Ақкөл ауданындағы №4 мектепке жапсарлас құрылыстың, облыс орталығындағы №4 арнайы мектеп-интернаттың құрылысы бойынша жобаларды іске асыру жалғасып жатыр.
«Денсаулық сақтау саласында Целиноград ауданы Қараөткел ауылында бір ауысымда 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Қосшы қаласында бір ауысымда 100 адам қабылдайтын емхана құрылысы аяқталу сатысында. Целиноград ауданы Қоянды ауылында 50 келушіге арналған алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының құрылысы жалғасуда», - деп түйіндеді Қ.Дүзелбаев.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Ақмола облысында 17 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру қажет.