Ақмола облысында 13,4 гектар жер телімі мемлекетке қайтарылды
20:01, 23 Тамыз 2023
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында 13,4 гектар болатын 3 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Есіл ауданының прокуратурасы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланбау деректерін анықтады. 2004 жылы «Орловка» ЖШС-не Орловка ауылының әкімшілік шекараларында 49 жыл мерзімге жер учаскелері берілді. Алайда «Орловка» ЖШС-де 2020 жылдан бастап ауыл шаруашылығы жануарлары жоқ, нәтижесінде 9 756 га жайылым мақсатына сай пайдаланылмаған.
2023 жылдың өткен кезеңінде прокурорлық ден қою шараларымен мемлекетке құны 118,9 млн теңге болатын жалпы ауданы 13 460 га 3 жер учаскесі қайтарылды», - деді Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Айта кетсек, бұдан бұрын мемлекетке жалпы құны 1,6 млрд теңге болатын орман учаскесі қайтарылғанын жазған едік.