Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы қарашаның 6-да Астрахан аудандық полицияның кезекші бөліміне аудандық орталық аурухананың фельдшерінен Астрахан ауылындағы өз үйінің ауласындағы шаруашылық құрылыста 15 жастағы жасөспірімнің асылып қалғандығы туралы телефон хабары түсті.
«Сараптама тағайындалды. Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 105-ші бабының 3-ші бөлігі «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу жүріп жатыр», - деп түсіндірді ведомстводан.
Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенованың айтуынша, бұл жыл басынан бері ақмолалық оқушылар арасында суицидтің сегізінші оқиғасы. Аяқталмаған суицид әрекеттері-21.
«Біз ЮНИСЕФ бағдарламасы арқылы 2016 жылдан бастап жұмыс істей бастадық. 2016-2017 жылдары бір деңгейде болды – жылына жасөспірімдер арасында жасалған суицид саны - 14. 2018 жылы 9 суицид болды, 2019 жылы-төрт суицид. Құлдырау болды, бірақ өткен жылы пандемия басталып, балалар үйде отырғанда, күрт өсу басталды», - деді ол.
Айта кетсек, өткен жылы Ақмола облысында оқушылар арасында суицидтің тоғыз жағдайы тіркелді.