КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Атбасар ауданында теміржол бойында 15 жастағы бозбалаға тоқ соғып, көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі аймақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖД мəліметі бойынша қайғылы жағдай 2017 жылдың 5 қаңтарында таңғы 09:40-тарда Атбасар қаласында орын алған.
«Теміржол вокзалының сыртында пойыз вагондарының арасымен өтпек болған 2001 жылғы жасөспірім абайсызда электр тоғының сымын қағып кеткен. Нəтижесінде 15 жастағы бозбала тоқ соққысынан оқиға орнында көз жұмды», - деп көрсетілген хабарламада.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.