КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Есіл ауданында 17 жасар ер бала суицид жасады. Бұл туралы құқық қорғау қызметкерлері хабарлады.
«Қайғылы оқиға маусымның 2-і күні Есіл ауданының Жаныспай ауылында орын алған. 11 сынып оқушысы, 1998 жылғы ер бала өз үйіндегі мал қорасының ішінде асылып қалған.
Әзірге, жасөспірімнің мұндай қадамға неліктен барғаны белгісіз. Тек, оның ата-анасы бар және көрші Ковыльное селосындағы орта мектепте оқығаны анықталып отыр. Қазіргі кезде тексеріс жүргізілуде», деді құқық қорғау қызметкері.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.