Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға маусымның 1-де Целиноград ауданы аумағындағы Есіл өзінде болған.
«Белгілі болғандай, суға батқан жасөспірім Целиноград ауданына төрт адамнан тұратын биші қыздар құрамында келген. Талапкер және Нұра-Есіл ауылдары арасында Есіл өзеніне шомылған. Полиция қызметкерлері сот-медициналық сараптама тағайындап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында конвейер лентасы қолын жұлып кеткен жұмысшы қайтыс болғанын жазған едік.