КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Жарқайың ауданында із-түзсіз жоғалған 19 жастағы жігіт іздестірілуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі аймақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖД қызметкерлерінің мəліметі бойынша, жігіт 2017 жылғы 1 қаңтар күні сағат 11:00 шамасында Державинск қаласындағы теміржол вокзалынан шығып, сол күйі ұшты-күйлі жоғалған.
«Іздестіру шараларына аудандық ІІБ жеке құрамы, ТЖБ қызметкерлері, 6636 əскери бөлімнің 2-ші атқыштар батальоны мен еріктілер тартылуда.
Кешегі күні іздестіру жұмыстары еш нəтиже бермеді, бүгін қайта жалғасатын болады», - деп түсіндірді баспасөз қызметінен.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.