Ведомствоның мәліметінше, бүгін Көкшетау қаласының Застанционный кентіндегі жеке тұрғын үйден өрт шықты.
«Өрт сөнліру кезінде 1969 жылғы үй иесінің денесі табылды. Қазіргі кезде, өртің шығу себептері анықталып жатыр. Өрт-техникалық тергеу тағайындалды.Үй иесінің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді», - деді ведомстводан.
Сонымен бірге, сәуірдің 19-да Бурабай кентінде күзет вагонында өрт шықты. Мұндағы тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 11 адам және 2 арнайы өрт сөнліру техникасы жұмылдырылды. Өрт болған жерден 1955 жылғы күзетшінің денесі табылды», - деп толықтырды ведомстводан.
Осы ретте, Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері көп жағдайда өрт – адамдардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау және немқұрайлылық салдарынан болатынын еске салады.